Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО-да қар көшкіні қаупіне байланысты жол жабылды

  • AstanaTV
  • 09 наурыз 2024
  • 586

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты жол жабылды.

Өңірдегі тасжолдардың бірін қар көшкіні жауып қалу қаупі бар.

Республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» тасжолының учаскесінде (Ушанов кенті мен Алтай қаласына дейінгі аралықта) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды. Сондықтан халықты алыс жолға шыққанда маршрутты алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, - деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментігің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға болады.

Айта кетейік, аталмыш жол учаскесі 1 күн бұрын да жабылған еді.