Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында колония бастығы пара алған

  • AstanaTV
  • 09 наурыз 2024
  • 465

Алматы облысында колония бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды.

Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметінің мәліметіне сай, 7 наурыз күні пара алды деген күдікпен Алматы, Алматы облысы және Жетісу облысының ҚАЖ департаменті № 57 мекемесінің бастығы ұсталды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу мүддесіне сай, өзге мәліметтер жария етілмейді, - деп хабарлайды Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметі.