Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлытау облысында 25 елді мекенді су басу мүмкін

  • AstanaTV
  • 10 наурыз 2024
  • 947

Ұлытау облысында 25 елдімекенді су басу қаупі бар. Көбісі Жаңаарқа ауданына қарасты.

Биыл өңірге қар қалың түсті. Облыстың солтүстік бөлігінде қатқан жер тоңының қалыңдығы 1 метрге дейін жетеді. Қазір өңірде көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдай қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшіп, арық-атыздарды тазалап, қажетті инертті материалдар мен техникалық құралдардың қорын жасақтап жатыр.

"Бүгінгі таңда 270 мың текше метр қар шығарылды. Бұл жұмыстар әлі жалғасуда. Сонымен қатар жол ұйымдарының қызметкерлерімен 600-ге жуық су өткізу құбырлары және көпірлер тазаланды. Негізгі қауіп 15-наурыздан бастап күндіз де, түнде де ауа температурасының жылынуы күтілуде. Бізде қазір дайын штаб құрамы бар. Қажет болған жағдайда, қауіп төнген жағдайда сол штаб құрылып, дереу іс-шаралар қабылданады", - деді Төтенше жағдайлар басқармасының бөлім бастығы Әлібек Әбілов.