Русский Сайттың толық нұсқасы

Электронды темекі қолданған жасөспірім реанимацияға түсті

  • AstanaTV
  • 10 наурыз 2024
  • 393

Санкт-Петербургте электрондық темекі пайдаланған тоғызыншы сынып оқушысын жансақтау бөліміне түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі fontanka.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, 9-сынып оқушысын ата-анасы бөлмесінен тауып алған. Қыз есінен танған жерде жанында электронды темекі болған. Ата-анасы дереу жедел жәрдем шақырған.

Белгісіз затпен уланған қыз ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған.

Басылымның айтуынша, жасөспірімнің денсаулығының күрт нашарлауына электронды темекі кінәлі болуы мүмкін.