Русский Сайттың толық нұсқасы

"Сырқатынан айығып кетсін дейміз". Талғат Жорабаев Сәбит Әбдіхалықовпен қарым-қатынасы туралы айтты

  • AstanaTV
  • 10 наурыз 2024
  • 4580

Әнші Талғат Жорабаев "Менің өмірім" бағдарламасында әпкесінің бұрынғы жұбайы Сәбит Әбдіхалықовпен арақатынасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, бұрынғы жездесіне тек амандық тілейді.

"Көрген жерде амандасып тұрамыз. Аман болсын дейміз, сырқатынан айығып кетсін дейміз. Әрқашан да айтып отырамын ғой, жиендерімнің әкесі. Өмірімнен алып тастаймын, өшіріп тастаймын дегенмен әкесі болып қалады. Одан ешқайда қашып құтыла алмайсың. Өйткені Алла тағала әпкемнің тағдырына жазды. Солай жазулы күйінде қалды. Ешкімге жамандық тілейтін адам емеспіз. Барынша аман болсын, ешқашан ауырмасын", - деді ол.