Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана Сирия бойынша келіссөз жүргізетін тараптарды қабылдауға дайын - СІМ

  • AstanaTV
  • 17 қаңтар 2017
  • 2627

Астана Сирия бойынша келіссөз жүргізетін тараптарды қабылдауға дайын. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов айтты. Кездесу, бұған дейін айтылғандай, 23-ші қаңтарда өтеді деген болжам бар. «Ресей мен Түркия делегацияларын кімдер басқарып келеді, көп нәрсе соларға байланысты. Біздің білуімізше, Иран тарапы келіссөздерге қатысуға ниетті»,- деп атап өтті министр. Сонымен қатар су жаңа министр шетелге алғашқы ресми сапарын Мәскеуден бастайтынын айтып өтті.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

Қатысушылардан күтетініміз - біріккен бір шешімге келу. Өйткені өздеріңізге мәлім, Сирияда бейбітшілік, қауіпсіздік орнату - ол қазіргі жағдайда жаһандық деңгейдегі өте үлкен, күрделі мәселе болып тұр. -Яғни бір шешімге келеді деп ойлайсыздар ма? - Бұл соның қатысушыларына байланысты.  

Айгүл ӘДЕПБАЙ