Русский Сайттың толық нұсқасы

Швейцарияның Давос қаласында Халықаралық экономикалық форум өтеді

  • AstanaTV
  • 17 қаңтар 2017
  • 3315

Швейцарияның Давос қаласында халықаралық экономикалық форум жұмысын бастамақ. Дәстүрлі жиын биыл 47-ші рет өткелі отыр. Оған 70 мемлекеттен 3 мыңға жуық делегат қатысуда. Бірнеше елдің президенттерімен қатар әлемдік сарапшылар бас қосатын форум тұп-тура 4 күнге жалғасады. Жиын барысында 4 бағытта 400-ге жуық сессия өтеді деп күтілуде. Олар: әлемдік қарым-қатынасты жақсарту, капитализмді реформалау, әлемдік экономиканы арттыру және, төртінші, өндірістік революцияға дайындық деп аталады. Мұнан өзге терроризммен күрес, Таяу Шығыстағы ахуал мәселесі де талқыланатын болады.

Форумды биыл толық құрамдағы делегациямен келген Қытай елінің төрағасы Си Цзиньпин ашады деп жоспарланған. Ол Қытайдың әлем экономикасына қосар үлесі жайлы сөз қозғамақ. Ақ үй атынан вице-президент Джо Байден келмек, ал АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп Давос форумына қатыспайтын болып шешкен. Экономикалық форумға келмейтіндер қатарында Германия канцлері Ангела Меркель, Франция басшысы Франсуа Оланд та бар. Кей сарапшылар, биылғы форум әдеттегідей маңызға ие болмайды, деген пікірде.