Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында ер адам садақа жәшігі мен имамның бөлмесіндегі сейфте тұрған ақшаны ұрлап кеткен

  • AstanaTV
  • 12 наурыз 2024
  • 1010

Түркістан облысының полицейлері криминалистикалық әдістердің көмегімен Келес және Сарыағаш аудандарындағы мешіттерге ұрлыққа түскен күдіктіні анықтады, - деп хабарлайды polisia.kz.

Мәселен, бірінші факті бойынша Келес ауданының мешітінде күдікті садақа жәшігінен 60 мың теңгені, ал екінші факті бойынша Сарыағаш ауданы мешіт имамының қызметтік бөлмесіндегі сейфте тұрған, яғни қайырымдылыққа жиналған 270 мың теңгені ұрлап кеткен.

Жедел уәкілдер күдіктінің орналасқан жерін анықтап, нәтижесінде Сарыағаш ауданы Тасқұдық ауылының тұрғынын ұстады.

Қазір жігіт қамауда, тергеу жалғасып жатыр.