Русский Сайттың толық нұсқасы

Халықаралық Әулие-ата әуежайы тарифті қымбаттатпайтын болды

  • AstanaTV
  • 17 қаңтар 2017
  • 3098

Тараздағы «Әулие-ата» халықаралық әуежайы тарифтерді қымбаттатпайтын болды. Бұл туралы әуежайдың басқарма төрағасы Дәулет Хамзин айтты.

Дәулет Хамзин, «Халықаралық Әулие-ата әуежайы» АҚ  басқарма төрағасы:

Тарифтер қымбаттамайды деп нақты айта аламын. Табиғи монополияларды реттеу  департаменті өкілдері бұл сөзімді қостайды. Оларға алдағы 5 жылға арналған баға саясаты туралы өтініш бергенбіз. Ол әлі мақұлданған жоқ. Көтерген жағдайда да, бағаны аспандатып жібермейміз.

Бұған дейін Тараз әуежайының тарифтік саясатына қатысты "Эйр Астана" компаниясының өкілдері "Астана" арнасы арқылы пікір білдірген. Әуе компаниясының корпоративтік байланыс жөніндегі вице-президенті Белла Тормышева: «Әулие ата» халықаралық әуежайы көктемде ұшып-қону үшін бағаны 350 пайызға қымбаттатуды сұрапты. Бұл шығындарды арттырады. Сондықтан біз тиісті органдарға ашық хат дайындап жатырмыз», - деген болатын. Сондай-ақ Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Жамбыл облыстық департаменті басшылары да ұшып-қону қызметі үшін бағаны көтеру жайлы әуежайдан өтініш түскенін айтқан. Әуежайдың тарифтік төлемдері наурыздан бастап қымбаттайтынын да жеткізген еді.   

Данияр ӘЛІМҚҰЛ