Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында төбелес кезінде бір адам үш жігітті пышақтап кеткен

  • AstanaTV
  • 12 наурыз 2024
  • 386

Түркістан облысы Жетісай қаласында жанжал кезінде үш адам зардап шекті, деп хабарлайды otyrar.kz.

Оқиға 22 ақпан күні түнгі уақытта болған. Әлеуметтік желіде өзін жәбірленушілердің бірінің әкесімін деп таныстырған ер адам жарақат алған үш жігіт сол түні "Алмас" дүкенінен шығып, бір топ адаммен ерегісіп, соққының астында қалғанын атап өтті. Олар көп қан жоғалтқан. Жәбірленшілер ауруханаға жеткізіліп, әрқайсысына 3-4 сағат аралығында операция жасалыныпты.

Түркістан облыстық полиция департаменті бұл оқиға бойынша бір күдікті ұсталғанын хабарлады. Тиісті сараптамалар тағайындалған.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.