«Radiotochka.kz»
порталының бас директоры және "Central Asia Monitor" газетінің бас
редакторы Бигелді Ғабдуллин Энергетика министрінен, Шығыс Қазақстан және Жамбыл
облыстарының әкімдерінен ақша бопсалады деп айыпталып отыр. Бұл туралы Астанада
өткен сот отырысында прокурорлар мәлімдеді.
Ведомство
басшылары туралы сыни мақала жазбаймыз деген бас редактор оның ақысына
шенділерден ақшалай «ауыз бастырық» сұраған. Әкімшілік өкілдері де қарыз болып
қалмай, айыпталушыға тендерде жеңіске жетуге қолғабыс етіп отырған көрінеді.
Осылайша, жалпы сомасы 20 миллион теңгеден астам ақшаны пара ретінде алды деп
айыпталған Бигелді Ғабдуллин кінәсін мойындады. Тіпті шенділерге келтірген шығынын толықтай өтепті.
Бұл іске қатысты сот үкімі әлі шыққан жоқ.
Аманжол
Мұхамедияров, Б.Ғабдуллиннің адвокаты:
Қылмыстық
кодекс бойынша 62-статья бар. Сол бап бойынша біз талап арыз бергенбіз. Сол
талап арыз бойынша біз Ғабдуллинды қылмыстық жауаптан босату үшін арыз
бергенбіз. Бірақ көреміз сот қандай шешім шығаратынын.