Русский Сайттың толық нұсқасы

Elorda zhastary: Баспаналы болатындар тізімі шықты

  • AstanaTV
  • 12 наурыз 2024
  • 735

Elorda zhastary бағдарламасы бойынша іріктеу нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үш тізім жарияланды:

- “Мақұлданды”

- “Мақұлданды – резерв”

- “Мақұлданбады”

“Мақұлданды” тізіміндегі азаматтарға өтінім беру кезінде көрсетілген электрондық поштаға (“Спам” папкасында болуы мүмкін), “Отбасы банк” АҚ жіберудің электрондық нұсқасы жіберілді, оны басып шығарып төлем қабілеттілігін бағалау үшін Астана қаласындағы “Отбасы банк” АҚ кез келген бөлімшесіне 10 жұмыс күні ішінде жүгіну қажет. «Отбасы банк» АҚ жолдама алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүгінбеу жағдайында, Тұрғын үй орталығы жолдаманың күшін жоюға құқылы.

“Мақұлданды – резерв” тізіміндегі азаматтар бағдарламаның негізгі шарттарына сәйкес келеді, алайда аз балл жинауын және лимиттің аяқталуын ескере отырып, резервтік тізімге енгізілген. Егер мақұлданғандардың негізгі тізімінен банкте төлем қабілеттілігін растамағандар болса, төлем қабілеттілігін өтуге жолдама тізімдегі кезектілікке сәйкес мақұлданғандардың резервтік тізімінен азаматтарға беріледі.

“Мақұлданбады” тізіміндегі азаматтар birge.astana.kz порталындағы жеке кабинетте толығырақ танысуға болатын себептер бойынша бағдарлама талаптарына сәйкес келмейді.

Банктің бағдарлама бойынша беретін кредиттік қарыздар саны - 80.

Бағдарламаның шарттары мынадай:

- қарыздың максималды сомасы - 18 млн теңге;

- бастапқы жарна-10%;

- қарыз бойынша мөлшерлеме - жылдық 5%;

- несие мерзімі 25 жылға дейін.

Негізгі талаптар:

– өтінім берген кезде азаматтың жасы 35-ке толмауы тиіс;

– соңғы 1 жылда Астана қаласында тұрақты үздіксіз тіркеудің болуы;

– бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша соңғы 5 (бес) жыл ішінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйдің немесе меншік құқығымен тұрғын үйдің (ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі, өтінішке енгізілетін отбасының басқа мүшелерімен бірлесіп ортақ үлестік меншік) болмауы;

– өтініш беру сәтіндегі қатысушының таңдалған саладағы ресми жұмыс өтілі соңғы бір жылдан кем емес;

– «Отбасы банктегі» депозиттік шотында 1,8 млн теңгеден кем емес сомасының болуы;

– отбасының әрбір мүшесіне соңғы 6 ай үшін еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды есепке алмағанда) ең төменгі күнкөріс деңгейінің 6 еселенген шамасына дейінгі кірісінің болуы (260 442 теңге).