Қазақстанда кітап реставраторлары жетіспейді. Ал отандық жоғары оқу орындары ондай мамандарды даярламайды. Елімізде көне және сирек кездесетін баспаларды өңдеумен айналысатын 20 шақты ғана маман бар.
Айдана ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:
Менің қолымдағы бұл көне қолжазбаның жүз елу жыл тарихы бар. Орталықта мұндай тарихы терең кітап көп. Оларды қалпына келтіру үшін мамандар 1 немесе бірнеше ай еңбектенеді. Түптеу жұмыстарын жүргізеді.
Орталықта 9 мыңнан астам кітап бар . Оның 2 мыңы 19-20 ғасырға жататын өте сирек, құнды баспа болып есептеледі. Сонымен қатар біршамасы араб, парсы, шағатай тілдерінде және төте жазумен жазылған.
Кітапты өңдеу жұмыстары арнайы кезеңдерден тұрады. Ең алдымен кітап толық дезинфекциядан өтеді. Одан соң химиялық қышқылдармен бейтараптандырылады. Соңғы кезең -реставрация және түптеу.
Жансерік БЕЙСЕНҚҰЛОВ, СУРЕТШІ, РЕСТАВРАТОР:
Біз қазір құжатты нақты рестоврациялау және оны өсіру жұмыстарын жасмаймыз. Яғни, құжаттың жетіспейтін бөлшектерін, аймақтарын жүзеге асырамыз.Ол үшін бізге керек құралдар жапон қағазы жәнеде ұн желімі. Керекті формада, керекті қалыпта жыртып алғаннан кейін жалғастырамыз. Бұрышымыз дайын, құжатқа байланысты әр түрлі формадағы жапон қағазын қолданамыз.
Елімізде реставрация жоқ деп айтуға келмейді, әр қордың тек кішігірім өңдеу жұмыстарын істейтін мамандары бар. Бірақ, бұл қызметті кәсіби деңгейде атқаратындар аз. Сол себепті орталық мамандары арнайы бейімдеу курстарында оқытылады.
Сырым БОТАБЕКОВ, ҚОЛЖАЗБАЛАР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ СИРЕК КІТАПТАР ОРТАЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Бұл курс екі деңгейден тұрады, бастауыш және жалғастырушы. Бастауышта жаңадан келген маман. Реставрацияның не екенін әлі толық түсінбейді. Сондай мамандарға арналған бірінші деңгей. Жалғастырушылар ол мысалы реставрациямен таныс күнделікті жұмысында таныс, солардың тәжірбиесін жоғарылатуға арналған курстар.
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы 140-тан астам кітапты түптеген. Әлі де қалыпқа келтірілуі тиіс кітап көп, бірақ маман тапшылығы жұмысты баяулатып тұр.