Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан интернет сапасы жағынан әлемде 155-ші орында

  • AstanaTV
  • 12 наурыз 2024
  • 579

Елімізде ұялы байланыс қызметі қымбаттады. Бұл соңғы 13 жылдағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлады Бірінші кредиттік бюро. Бір айда 6,2 пайыз өскен. Бірақ, интернет сапасы көңіл көншітпейді дейді қала тұрғындары. 

Елімізде ұялы байланыс қызметінің ақысы жыл сайын өседі. Алайда баға қанша шарықтаса да, сапасы жақсы деп айту қиын дейді тұрғындар.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

-  Өте жай жұмыс жасайды. Мысалға, мен билайынды қолданамын көп жерлерде сеть ұстамайды интернет жай ұстайды.

-  Бағасы өте шарықтап кеткен. Жасөспірімдерге біз секілді студенттерге өте қымбат болады.

-  Интернет бағасы өте қымбат. Бізге өте қымбат болып жатыр.

Ал сала мамандары интернет сапасының нашарлап жатқанына халықтың өзі кінәлі дейді. Себебі тұрғын үйлерде арнайы база құруға көпшілігі рұқсат бермейтін көрінеді.

Медет ТҰРДАЛИЕВ, IT МАМАНЫ:

Базалық станциялардың санының көбеюуіне біз кедерге болмауымыз қажет. Біздің аулаларымызға үйімізге қоюуына кедергі болмауымыз қажет себебі бұл біздің интернетіміздің сапасының көтерілуіне себеп болады.

Жауаптылар ғаламтор сапасын жақсарту үшін былтыр қолжетімді интернет жобасын бастағандығын айтады.

Азамат СЕРІКБАЕВ, ҚР ЦДИАӨМ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР КОМИТЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Интернет бүгінгі таңда қолжетімділігі жетпей тұрған ауыл елдерге алыс мекендерге секундына 100 мега битке дейін тарату мақсат қойылған. Бұл жоба 2024 жылдан 2027 жылға дейін жүзеге асатын болады. Жоба аясында 1,5 трлн инвестициялар келеді.

Цифрлық даму министрілігі сапасыз интернет үшін ұялы байланыс операторларына бұрын 100 айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл салса, енді ол 1000 айлық есептік көрсеткішке жетті. Былтыр 782 рет тексеріс жүргізген. Соның нәтижесінде 3 млрд 200 мың тг көлемінде айыппұл салынған.