Әйелін қинап өлтірді деген күдікке ілінген Қуандық Бишембаевтың ісі бойынша өткен сот процессінде шу шықты. 2 күн қатарынан “ашық” өтеді деген сотқа кіре алмаған бір топ журналистер полиция шақыруға мәжбүр болған. БАҚ өкілдері журналистің жұмысына кедергі келтіргені үшін арыз түсірді. Бұған дейін Қуандық Бишімбаев отырысқа алқа билер мен журналистердің қатысуын сұраған. Бірақ күдіктінің өзі сот залына басқа есік арқылы ұнжырғасы түсіп кірді. Залда отырғандар оны осы сәтте балағаттап та үлгерді.
Кеше Экс-министрдің адвокаттары істі қайтадан сотқа дейінгі тергеу деңгейіне қайтаруды сұраған. Бүгін де сол сөзінен тайынбады. Бишімбаевқа тағылған айыптың дәлелсіз екенін айтып, қасақана ұрғанын жоққа шығарды. Жан-жақты зерттеу қажет екеніне тоқталды. Нүкенованың телефонын тексеруді талап етті. Күдіктінің анасы болса барлығын сот шешеді деп қайырды. Ал Салтанат Нүкенованың адвокаты Бишімбаевтың марқұмға “абайсызда қол көтерді” деген сөзі ақылға қонбайды, - дейді.
Игорь ВРАНЧЕВ, АДВОКАТ:
Камераларынан қалпына келтірілген бейнежазбаларда Бишімбаевтың өзінің азаматтық жұбайы Нүкенованы ұрып-соғу фактісі тіркелген. Дәл осы жазбаларда оның жұдырық жұмасағаны көрінеді.