Русский Сайттың толық нұсқасы

Су шаруашылығы нысандарының 70%-ы тозып тұр – «AMANAT»-тың партиялық бақылау комитеті

  • AstanaTV
  • 12 наурыз 2024
  • 552

Еліміздегі су шаруашылығы нысандарының 70 пайызы тозып тұр. Соның салдарынан өңірлердегі қауіпсіздік деңгейі айтарлықтай төмендеген. Қазір 11 облыста су тасқыны қаупі жоғары. 217 елдімекен су тасқынына дайын емес. 400 мыңнан астам адам тұрып жатқан 86 мың үйді су басуы мүмкін. Көктемгі су тасқынына дайындық «AMANAT» партиясының Партиялық бақылау комитетінің отырысында талқыланды. Жиында комитет төрағасы Павел Казанцев тиісті су бұру арналары болмағандықтан және өзен арналарында уақтылы әрі сапалы тазарту жұмысы жүргізілмегендіктен су тасқыны болатынын атап өтті. 

Павел КАЗАНЦЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жайық өзенінің кейбір тұсынан, әсіресе Каспий теңізіне құятын маңынан жүзу құралдарынсыз-ақ өтуге болады. Ал су тасқыны болған жағдайда ауылдарды су басып, мал шығынға, адамдар апатқа ұшырайды. Кейін ерлік пен жанкештіліктің арқасында көп адам құтқарылды деп жар саламыз. Алайда арнаны тазартып, төтенше жағдайдың алған тиімді емес пе? Соған қарамастан көп гиротехникалық құрылыстарда тиісті техникалық төлқұжат жоқ. Бұл жағдай бөгеттердің жеке параметрлері мен су қоймаларының көлемін анықтау жұмысын қиындатады.