Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда қалалық автобус егде жастағы әйелді қағып, мерт қылды

  • AstanaTV
  • 13 наурыз 2024
  • 1149

Алматыда № 58 автобус 77 жастағы қарияны қағып кетіп, мерт қылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты Досмұхамедов пен Шәріпов көшелерінің қиылысында болды.

Қалаішілік автобус Мақатаев көшесімен шығыс бағытта келе жатқан. Жүргізуші арнайы белгісі жоқ, күтпеген жерден жолға бір әйелдің жүгіріп шыққанын айтады.

Жүргізуші қанша қашуға тырысқанымен де әйел адамды қағып кеткен. Автобус жаяу жүргіншілерге арналған тротуарға шығып кете жаздап, жасыл шөпті басқан.

Салдарынан автобустың астына түскен егде әйел алған жарақаттарынан дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен Алматының құтқару қызметі келді. Қазір криминалистер оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үстінде.

Полиция жан тапсырған адамның 1947 жылғы әйел екенін нақтылады.