Русский Сайттың толық нұсқасы

“Мерекені тойлаймын” деп 14 адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 13 наурыз 2024
  • 1029

Иранда екі мыңнан астам адам мереке кезінде зардап шекті, деп хабарлайды Bugin.kz Mehr-ге сілтеп.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Ведомствоның мәліметінше, 20 ақпан мен 12 наурыз күні мерекені тойлаған 2100 адам жарақаттанып, 14 адам қайтыс болды.

Зардап шеккендердің 152-сі аяқ-қолынан айырылып, 700-і көз жарақатын алған, ал 681 адамды күйік шалған.

Иранда жыл сайын Иран күнтізбесі бойынша жылдың соңғы сәрсенбісіне қараған түні Чахаршанбе-Сури мерекесі тойланады.

Мереке барысында дәстүр бойынша ирандықтар оттың үстінен секіреді. Мерекелік шараларда пиротехникалық заттар да қолданылады.

Өткен жылы бұл мереке кезінде 1,5 мыңнан астам адам жарақат алған.