Русский Сайттың толық нұсқасы

Судья алқабилермен бір бөлмеде қалмауы керек. Депутаттар жаңа норма енгізді

  • AstanaTV
  • 13 наурыз 2024
  • 1301

Алқабилер сотында шешімді кеңесу бөлмесінде судьяның қатысуынсыз 11 алқаби қабылдайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралып, соңында алқабилер кеңесу бөлмесінде қалады. Депутаттар істі қарап отырған судья алқабилермен бір бөлмеде қалмауы керек деген норманы енгізіп отыр. Судья өзінің кабинетінде отыруы керек, алқабилер судьясыз шешім қабылдап, сол хаттаманы кәсіби судьяға табыс етіп, сол бойынша ол шешім шығаруы қажет.

Бұл норма азаматтардың құқығын қорғауға басымдық беру мақсатымен енгізіліп отыр.

Мәжілісте “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданғанын еске сала кетейік.