Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайда жарылыстан 22 адам жараланды

  • AstanaTV
  • 13 наурыз 2024
  • 1058

Бүгін Қытайдың солтүстігіндегі Хэбей провинциясының Санхэ уезіндегі ресторанда жойқын жарылыс болды.

Бұл сәт бақылау камерасына түсіп қалған.

Соңғы мәліметке қарағанда, 1 адам қаза тауып, 22-сі жараланды. Кейбір болжамдарға сүйенсек, жарылысқа газдың тарауы түрткі болса керек. Дегенмен нақты себебі анықталған жоқ.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қираған мейрамханаға құтқарушылар мен тергеушілер тобы жетті.