Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада ғимарат өртке оранды

  • AstanaTV
  • 13 наурыз 2024
  • 1113

Астанада екі қабатты ғимарат өртеніп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz.

Астана Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, отқа оранған екі қабатты ғимарат – автоәйнек өндіру және орнату цехы.

"13 наурызда сағат 12:53-те Астана Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Республика даңғылындағы цехтың қосымша бөлігі өртеніп жатыр деген хабарламаға ден қойды", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.