Русский Сайттың толық нұсқасы

"Күйеуге шықпаймын, не керек сол?" деп жүретінмін" - Ерке Есмахан

  • AstanaTV
  • 14 наурыз 2024
  • 9789

Әнші Ерке Есмахан тұрмысқа шыққаннан кейін өімірі қалай өзгергенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл жайлы әнші гастрольдік сапарларының бірінде халық алдында айтқан.

"Бәрін өзім істеймін, ақша да табамын, көлікті де жөндеп, бәріне өзім жүгіріп жүретінмін. "Ой күйеуге шықпаймын, маған не керек сол? Муслим бар, болды" деп. Өзімнің рахатым үшін өмір сүремін деп ойлайтынмын. Шынымен де уақыт өте келе тұрмысқа шыққаннан кейін жүрегім тыныштық тауып, үйде әйел болып, Ерке Есмахан екенімді ұмытып, салмақ қосып, семіріп деген секілді аяғым ауыр болып отырған кезде қасында арқа сүйер азаматы болса әйел адамның табиғаты осы екен ғой", - дейді Ерке.