Русский Сайттың толық нұсқасы

Наурыз – жылдың басты мерекесі

  • AstanaTV
  • 14 наурыз 2024
  • 1174

Бүгінде Қазақстан өз дамуының жаңа кезеңінде тұр. Сол себепті жаңару мен жаңғыруды, өркендеу мен бірлікті бейнелейтін Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасын енгізу маңызды.

Наурыз – елдік тұрғыда жаңару мен жаңа құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған бірлік, бауырластық пен ынтымақ мерекесі.

Наурыз мейрамы – қоғам бірлігін арттырып, ұлттық бірегейлікті нығайтуға ықпал ететін, рухани-мәдени маңызы терең халықтық мереке.

Бұл мереке түрлі этностар арасында өзара сыйластық, бейбітсүйгіштік және тату көршілік құндылықтарын арттыруда аса маңызды рөл атқарады. Наурыз мейрамы Қазақстанды Отаным деп таныған барлық этностарды біріктіреді. Мысалы, совет заманындағы депортация кезеңінде қазақтар қоныс аударып келген отбасылармен соңғы нанын бөлісіп, оларға пана болды. Бұл мерекенің философиясы – жомарттық пен ізгілік – этникалық, діни, демографиялық, әлеуметтік және басқа да ерешеліктеріне қарамастан, елдің әрбір азаматының өмірлік ұстанымымен үйлеседі.

Наурыз – еңбек мерекесі, яғни еңбек адамының құрметі биік болуға тиіс. Бұл – жаңару мен жаңа бастамалар күні. Адал еңбек, оны әділ бағалау мен адал еңбектің нәтижесінде табысқа кенеліп, бақуаттылыққа жету қазіргі қоғам үшін шынайы құндылықтар саналады. Бұл мерекенің мәні қазіргі Қазақстан халқына тән басты құндылықтардан құралған деуге болады.

Қазақстанның қазіргі тарихында Наурыз толыққанды трансформацияларға қарқын берген жаңа саяси дәуірдің басталуын білдіреді. Табиғат жаңаруындағы жаңа циклдің басталуын Қазақстан дамуындағы жаңа кезеңнің басталуымен салыстыруға болар.

Осылайша қоғам жаңа жылды баршамыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, мықты және әділ мемлекет құрамыз деген үмітпен бастағалы тұр.