Русский Сайттың толық нұсқасы

"Медициналық қызметтерді тәуелсіз бағалау жүйесін құрудың маңызы зор", - Мәулен Әшімбаев

Өткен жылы денсаулық сақтау саласына 2,6 триллион теңге бөлінген. Соған қарамастан, медициналық қызметтердің сапасы сын көтермейді. Бұл туралы бүгін сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты. Бұдан өзге, медициналық сақтандыру жүйесінде де олқылық көп. 

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз медицина қызметкерлері мен пациенттердің мүдделері арасындағы теңгерімді сақтауымыз керек. Бұл норманың одан әрі орындалуын, алай жұмыс істейтінін қарау қажет. Мүмкін комиссияларды медициналық мекемелерден бөлу керек шығар. Олар денсаулық сақтау департаменттерінің немесе басқа құрылымдардың жанында жұмыс істегені дұрыс болар.