Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда жеке сот орындаушы ақша ұрлаған

  • AstanaTV
  • 15 наурыз 2024
  • 1341

Қостанай облысының прокуратурасымен тексеру барысында бұрынғы жеке сот орындаушысының мемлекет пен өзге де адамдардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды ұрлау схемасы анықталды.

Қостанай облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бұрынғы «Н» жеке сот орындаушысы оны лицензиясынан айырғаннан кейін өндіріп алушыларға берудің орнына жеке шотына 6 млн теңгеден астам ақша аударғаны анықталды.

Бұл қаражат – борышкерлердің әкімшілік айыппұлдар мен басқа да қарыздар бойынша жұмыс орнынан ұсталған сомалары.

Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.