Русский Сайттың толық нұсқасы

СҚО-да кәсіпкерлер бір айға ішімдік сатудан бас тартты

  • AstanaTV
  • 15 наурыз 2024
  • 529

СҚО-да учаскелік инспектордың және ақсақалдардың өтініші бойынша кәсіпкерлер бір айға ішімдік сатудан бас тартты.

Тайынша ауданы Абай ауылдық округінің Қарағаш ауылында учаскелік полиция инспекторы, имам және ақсақалдар кәсіпкерлерге мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айына ішімдік сатудан бас тартуды ұсынды.

Олар бірлесіп ішімдіктің саудасына лицензиясы бар дүкен иелерімен әңгімелесті.

Кәсіпкерлер ақсақалдардың ұсынысына оң көзқараспен қарады. Айта кету керек, Қарағашта ішімдік көптен бері сұранысқа ие емес.

Полиция қызметкері Бекболатовтың айтуынша, өткен және биылғы жылдың басында ауылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген, 2019 жылдан бастап ол осы округке қызмет етіп келеді — дәл сол жылдан бастап Қарағашта мас күйінде жасалған бірде-бір қылмыс орын алған жоқ.

Сондай-ақ, Руслан Бекболатов ақсақалдар кейбір Солтүстік Қазақстан ауылдарының ішімдіктен толық бас тартуының оң тәжірибесі туралы жақсы білетінін және туған Қарағашты СҚО ішпейтін ауылдарының тізіміне қосуды күтетіндігін атап өтті.