Елдік мәселелер талқыға түскен алқалы жиыннан бұқараның күтері мол. Әр аймақтан жиналған құрылтай мүшелері еліміздің батысында жатқан Атырауға тектен-тек бармады. Қоғамдағы түйіткілді мәселелерді ашық айтып, талқыға салды. Кеше өткен 4 секция барысында 100-ден астам ұсыныс түскен. Бүгін Президент құрылтайда көптің көкейінде жүрген жайттарды дөп басып, бірқатар мәселелердің шешу жолын ұсынды.
КСМ: Есірткі саудасында «айран ішкендер құтылып, шелек жалағандар тұтылып» жүр. Оңай ақша табуды ойлап, есірткі жасыратын небәрі 15-18 жастағы жастар ондаған жыл арқалап, жас өмірін темір тордың ар жағында өткізуде. Ал оның артында тұрған нағыз есірткі саудагері жауапкершіліктен құтылады. Мемлекет басшысы есірткі заттарын өндіретін адамдардың жазасын барынша қатайтуды тапсырды.
Айман ОМАРОВА, АДВОКАТ:
Балаларды соттап жатыр. Тек қана апарамыз ана жерден мына жерге доставка дейді. Анаша, героин қай жерде? Қайжерде екенін іздемей ме артынан барса табады ол. Қай жерде екенін. Неге оны соттамайды.?Содан кейін вторичный обород деген бар. Егер қылмыстық іс тіркелген кезде 6 келі героин немесе 6 келі анаша, кішкене ғана қалдырады да сот сараптамасына дейін, сотқа жеткен кезде ол жоқ. +мүмкін оны алып, тағы сатып жатқан шығар. 10 жылдан кейіни 16 жасар бала не болады ол. өзі түк түсінбейді не үшін отырғанын.
Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күресу үшін кешенді жоспар қабылданған. Президент Үкіметке лудоманиямен күресуге де дәл сондай жоспар жасақтауды тапсырды. Тұрмыстық зомбылық, буллинг, агрессия, жат діннің жетегіне кетіп, қара жамылғандар, қыз алып қашуды дәстүрге балап жүргендер, вандализм мен масылдық секілді рухани тығырыққа тірейтін, ұлттық тоқырауға әкелетін әдеттермен күресу керек,- деді Президент. Мемлекет басшысы жаппай мешіт салуға демеуші болып жүрген кәсіпкерлерге де тоқталды. Бизнесмендердің ниеті түзу, алайда жаңа мектеп, жатақхана, аурухана, кітапхана немесе мұражай тұрғызу әлдеқайда маңыздырақ,- деді ол. Мұражай демекші , болашаққа сеніммен қадам басу үшін төл тарихымыздың ауқымын толық сезініп, мәдени мұрамызды сақтап, дәріптеу керектігіне тоқталды.
Әбілсейіт МҰХТАР, «САРАЙШЫҚ»МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Алтын орда тарихының зерттеле түсетіндігін, біздің мемлекетіміздің болашақ идеологиясының бір бағыты ретінде осы Алтын ордаға тірек жасауымызға болатындығын батыл түрде айтты. Мұның өзі біздің болашақта Сарайшығымыздың дамуына жаңа серпін береді деген ойдамын.
Мемлекет басшысы сондай-ақ құрылтай аймақтардың дамуына ықпал ететінін айтып өтті. Мәселен, қаржы мәселесі толық шешілмеген Атыраудағы Онкология орталығы құрылысына жер қойнауын игерумен айналысатын кәсіпорындар қаржы бөледі,- деді президент.
Диляра ХАЙДАРОВА, БАС ОНКОЛОГ:
Атырауда онкология өкінішке орай көбейіп барады. Әсіресе дамыған түрі. Неге тұрғындар скринигтерге келмейді? Бүгін емханаларда дәрігерлермен себебін анықтауға тырыстық. Әрине онкологиялық диспансердің ғимаратыны да әбден ескірген. Біз бұл мәселені былтыр көтерген едік. Бүгін президент радиологиялық корпустың құрылысын аяқтауды және онкоорталық салуды тапсырды. Бұл өте керек. Өйткені өте ауыр дертпен емделуге келген кезде адамдардың өзіне өте ауыр.
Бұдан бөлек бірнеше емхана, оңалту орталықтары пайдалануға берілмек. Қасым-Жомарт Тоқаев қаладағы инфрақұрылымның әбден тозығы жеткеніне тоқталып, кәріз жүйесі мен су құбырын салу маңыздылығына айтып өтті. Жерасты сулараы мен Жайық өзенінің ластануына байланысты, қоқыс полигонына қатысты жұмыстарды аяғына дейін жеткізуді Үкімет пен әкімдікке қатаң тапсырды. Осылайша Үлттық Құрылтай өз мәресіне жетті. Алқалы жиынның төртінші отырысы Көкшетау қаласында өтпек.