Русский Сайттың толық нұсқасы

Зорлық көрген 6 жасар сәбидің ісі бойынша алқабилер іріктеліп жатыр

  • AstanaTV
  • 18 қаңтар 2017
  • 3244

Ақтауда зорлық көрген 6 жасар сәбидің ісі бойынша алқабилер іріктеліп жатыр. Оның қатарына кіруге ынта білдірген 39 үміткердің басым бөлігі заңмен бекітілген талаптарға сай келмейтін болып шықты. Ережеге сәйкес, мемлекеттік қызметкерлер, сотталған азаматтар мен 3 жасқа толмаған баласы бар ата-аналар алқабилер құрамына ене алмайды. Сот процесі басталу үшін алқабилердің құрамында кемінде 12 адам отыруы қажет. Лайықты кандидаттар толық мөлшерде жиналмағандықтан, сот іріктеу жұмысын келесі аптаға қалдырды.

Мені алқа билікке шақырды. Бірақ мен қатыса алмаймын. Себебі менің 3 жасқа толмаған 2 сәбиім бар.

Мен денсаулығыма байланысты справка алып тапсырып, сосын орысша да көп біле алмаймын. Сосын отказ беріп тұрмын. Адамдар көп. Қырыққа жақын.


Айыпталушының өзі соттың алқабилердің қатысуымен өткенін қалапты. Кінәсін мойындамаған ол адамдар сөзіме сенеді, деп үміттенеді. Бейнекамерадағы жазбалар мен сараптама нәтижесі оның бұл қылмысқа қатысы бар екенін аңғартады. Еске салайық, өткен жылы қарашада 6 жасар ақтаулық қыз зорлық көрген еді. Ауыр халде 3 ай бойы өмір үшін арпалысқан сәби есін жимастан көз жұмды.