Осы күні отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларға арналған мәдени іс-шаралар өтеді.
Аудан-қалаларда жас жұбайлардың некесін қию рәсімін өткізу, нәрестелі болған ата-аналарға «Наурыз-базарлық» естелік сыйлықтарын тарту ету, елге сыйлы ақсақалдардың Наурыз батасын алу секілді жобаларды жүзеге асыру көзделеді.