Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында 4 жасар бала жоғалып кетті

  • AstanaTV
  • 17 наурыз 2024
  • 1543

Түркістан облысының Абай ауылында 4 жасар бала жоғалып кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ журналист Гүлмира Әбіқайдың Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Әлихан жоғалды. 4 жасар балақай (16/03/24) түстен кейін үйінен ойнауға шығып кеткен, содан ізі-қайым жоқ. Түркістан облысының Сарыағаш (Абай) ауылынан. Ауыл жұрты жаппай Әлиханды іздеуде, елді мекен маңындағы каналға жарық түсіріп қарауда. Таңғы сәресіне тілек етіп қояйық, балақай дін-аман табылса екен", - деп жазды парақшасында журналист Гүлмира Әбіқай.