Қазақстандық, әлемнің 276-ракеткасы Дмитрий Попко Фейра-де-Сантана (Бразилия) ITF M25 турнирінің чемпионы атанды.
Доданың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші соңғы сында дүниежүзілік рейтингіде 771-орында тұрған америкалық Харрисон Адамспен кездесті. Дмитрий Попко қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен жеңді.
Осылайша, қазақстандық спортшы биыл ITF жарыстарындағы бесінші титулына қол жеткізді.
Сондай-ақ ол осы жетістігінің арқасында дүйсенбіде жаңартылатын ATP рейтингісінде 250-орынға көтеріледі.