17 наурыз сағ. 21:00-дегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 1 облыста республикалық маңызы бар 1 автожолда көлік көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысында – ұзындығы 160 шақырымды құрайтын 1 автожол (қар көшкіні қаупі):
Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары - Ушановсое а.- Алтай қ (барлық автокөлік үшін).
Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 266 бірлік техника және 298 жолшы жұмылдырылған.