Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2024
  • 1008

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Ресей Президентінің стратегиялық бағдары жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын атап өтті.

Тараптар стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқан екіжақты ынтымақтастық барысын талқылады.

Мемлекеттер басшылары өзара тығыз ықпалдастықты жалғастыруға келісті.