Қ.Сәтбаев атындағы су арнасына жасалынған жөндеу жұмысы сапасыз болып шықты. Салдарынан қоймадағы су елдімекендерге қауіп төндіруі мүмкін. Осылай деп дабыл қаққан су арнасының басшылығы тез арада бөгеттерді қалпына келтіру керектігін айтады. Өйткені, көктемде қоймадағы су арнасынан асып кетеді деген қауіп бар. Бұған дейін жөндеу жасаған мердігер бұл жұмыстарды дұрыс атқара алмаған. Мекеме мердігерді сотқа беріп, жеңіп шығыпты. Алайда, іс бұнымен біткен жоқ. Ең басты мәселе су арнасын қалыпқа келтіру керек.
Владимир ЕГЕР, "Қ.СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ СУ АРНАСЫ" ПАВЛОДАР ПАЙДАЛАНУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Бізді алаңдатып отырғаны жазғы уақытта толқынның қатты болуы. Себебі, толқын бөгетке соғылған сайын бөгет мүжіле береді. Кез келген уақытта жарып шығуы мүмкін. Сол үшін алаңдаймыз. Үнемі қадағалап отырамыз. Бірақ, бөгетке толық жөндеу жасалынуы керек.
Бұл мәселені "AMANAT" партиясының партиялық бақылау комиссиясы бақылауға алған. Олар су арнасына барып, жағдаймен танысты. Түйткілді шешу үшін сараптама жасап, қайтадан мердігерді таңдау керек.
Олег КОСТЕНКО, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Республикалық бюджеттен бұл су арнасының жөндеу жұмысына қомақты қаржы бөлінді. Біз осы қаржының дұрыс игерілуін қадағалайтын боламыз. Өйткені, бұған дейін 2018 жылы жасалынған жөндеу сапасыз болып қалды. Біз бұндайды болдырмау үшін күш саламыз. Бастысы өз жұмысын дұрыс атқара алатын мердігерді таңдауымыз керек.