Ақтөбеде жүзге жуық адам төрт айдан бері жалақы ала алмай отыр. Олар Есет батыр мөлтек ауданында мемлекеттік бағдарламамен салынған көпқабатты үш үйдің ішкі әрлеу жұмыстарын істеген. Бірақ құрылысшылардың адал еңбектерінің ақысы әлі күнге дейін өтелмепті. Жалпы қарызы- 135 млн теңге.
Қырыққа жуық адам осы үйлердің ішкі әрлеу жұмыстарын істеген. Өздеріне жүктелген шаруаны жаңа жылға дейін бітіріп, тапсырған. Бірақ олармен келісімшарт жасаған мекеме уәдесін орындамай отыр дейді.
Ақылбек САҒИДОЛЛАЕВ, ҚҰРЫЛЫСШЫ:
Біздер Ақтөбе сәулеттен жеке кәсіпкер болып ип жұмыс алып договорласып подрядный болып едік. Олар ситиде тоғыз этажды үйлер салып жатыр. Бірнеше бригада ақшасын үш айдан бері ала алмай жүр. Акимат ақшаны Ақтөбе сәулетке аудардық дейді. Олар бізді ойламай ма екен. Бала-шағаны , отбасымызды қалай асыраймыз?
Дархан СЕБЕПОВ, ҚҰРЫЛЫСШЫ:
Жұмыс істегенде жаба берейік, жаба берейік. Он күн ішінде он бес күнде береміз деді, Солай істетті. Үш айдан бері ақша жоқ. Оңай емес қой. Кредит уақыт тоқтатып тұрмайды. Пения қосылып жатыр.
Бұл нысандарда 35-ке жуық бригада жұмыс істеген. Кірпіш қалаушылардан бастап, әрлеушілер,дәнекерлеушілер барлығына мердігер мекеме135 млн теңге көлемінде берешек. Олар облыстық еңбек инспекциясына арызданған.
Талғат ИСКАРИН, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Арыз шағым тіркеліп, енді жақын арада тексеріс болып, анықталған жағдайда нұсқама беріліп, айыппұл салып, сосын бүкіл үстемесімен қосы алып беруге әрекет жасаймыз.
Мән жайды білу үшін мердігер мекемеге де хабарластық. Олар қаржы жағынан қиындық болып жатқанын жеткізді.
Қарлығаш САНСЫЗБАЕВА, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Жаңа жылдан кейін біз ақшаны алдық қой. Материал алдық ана үйлерге. Вы же знаете, как бюджет утверждается потом келеді ақша. Ақша городской маслихаттың сессиясынан кейін, енді мейрамнан кейін болатын шығар деп отырмыз.
Уәдеге тойған құрылысшылар айтылған уақытта жалақы төленбесе, прокуратураға арыздануға бел буып отыр.