Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ақмарал Әлназарова емханаларда терапевке бармай-ақ бейінді маманға қалай жазылуға болатынын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шенеуніктің сөзінше, әзірге қазақстандықтар дәрігерлерге сегіз бағыт бойынша тікелей бара алады.
"Әрине, дәрігерге барлық себеппен бірден жазылу мүмкін емес. Біз денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік-құқықтық актілеріне талдау жүргіздік. Мысалы, егер науқаста ультрадыбыстық тексеру немесе компьютерлік томографияда қатерлі ісікке күдік болса, оған жалпы тәжірибелік дәрігерге барудың қажеті жоқ. Ол бірден онкологқа барады. Егер көз жарақаты болса, бірден офтальмологқа барады", – деді Әлназарова мәжіліс кулуарында.
Министр аталған сегіз маманның тізімін денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі арқылы жазбаша түрде ұсынуға уәде берді.
“Мұндай дәрігерлерге DamuMed қосымшасы арқылы жазылып, кіруге болады – сол жерде жеке "түймелер" пайда болады”, – деп атап өтті ол.
Сонымен қатар "бос терезе" деп аталатын уақыт 10-нан 15 күнге дейін ұзарады.
"Қазір күту мерзімі – 10 күн, біз оны қолша 15 күнге дейін ұзарттық. Осы уақыт ішінде бейінді маманға жазылу ашық болады", – деп толықтырды денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.