Русский Сайттың толық нұсқасы

Балабақшаға кезек алудың бірыңғай базасы әзірленді

  • AstanaTV
  • 19 наурыз 2024
  • 452

Мектепке дейінгі ұйымдардағы орындарды бөлуде ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету мақсатында кезекті есепке алудың Бірыңғай базасы әзірленді, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Жоба қазіргі уақытта Қарағанды облысының Шахтинск қаласында, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында, Атырау және Шымкент қалаларында, сонымен қатар Павлодар облысының 8 ауданында пилоттық режимде іске асырылып жатыр, - делінген таратылған ақпаратта.