Парламенттің жұмыс тобы 18 наурызда "Кейбір заңнамалық актілерге несие берудегі тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады. Бұл құжатқа сәйкес жұбайының келісімінсіз несие алуға тыйым салу қарастырылған, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Заң жобасын талқылауға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, қаржы, микроқаржы ұйымдарының және ломбард өкілдері қатысқан. Жұмыс тобының мүшелері жобаны бірауыздан қорғады.
Заң жобасына мынадай толықтырулар енгізу ұсынылды:
"Банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға жұбайының (зайыбының) келісімінсіз жеке тұлғаға банктік қарыз беруге тыйым салынады, оны алу тәртібі және келісім талап етілетін банктік қарыздың ең аз мөлшері айқындалады".
Депутаттардың сөзінше, елде несие алатындар көбейіп кеткен. Ал ол лудоманиямен байланысты. Заң жобасы авторларының сөзінше, 350 мыңға жуық қазақстандық құмар ойындар мен ойынға бәс тігуге құмар.
Одан бөлек, депутаттардың айтуынша, қазақстандықтардың лудоманияға шалдықпай-ақ банк, микроқаржы ұйымдары және ломбардтарда кепілсіз несие алуы көбейген.
Талқылау кезінде депутаттар жұбайының келісімін алу - міндетті екенін атап өтті.