Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада вейп пен насыбай сатушылар жауапкершілікке тартылды

Астанада насыбай мен вейп өнімдерін сатуға және өндіруге қарсы рейд жұмыстары жалғасуда. Тәртіп сақшылары елорданың екі ірі ауданындағы дүкендер мен базарларды тексерді. Нәтижесінде Есіл ауданы бойынша насыбай сату фактілері анықталды. Сатушыларға айыппұл салынды.

Арсланбек МАҒЗҰМ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз осы акцияға арнайы блогерлерді де шақырамыз. Өйткені осы проблеманы кең ауқымды қылып, оны ата-аналарында жеткіземіз. Шыны керек, вейп мәселесі осы жастарға байланысты. Сондықтан біздің басты мақсатымыз ата-аналар да өз жас келешек ұрпаққа түсіндірме жұмыстарын жүргізеді деген ниетпен осы жұмыстарды жүргізудеміз.

Ал Байқоңыр ауданында зиянды өнімдерді сату дерегі болған жоқ. Бірақ мамандар базарларды аралап, шегілмейтін темекі өнімдерін сату және таратуға қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Дилман РАХМЕТЖАНҰЛЫ, "БАЙҚОҢЫР" АУДАНЫ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Астана қаласы Байқоңыр ауданы Алаш тас жолында орналасқан Биг Шанхай сауда үйлерінде сатушылармен профилактикалық істер жүргізілді. Барлығына ескертілді. Насыбай өнімдерін сатуға және өндіруге тыйым салынатынын, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 196-ші бабы бойынша айыппұл 25 АЕК салынатыны ескертілді.