Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қорғас шығыс қақпасы" АЭА инфрақұрылымына бөлінген қаржы тиімді игерілмеген бе?

  • AstanaTV
  • 19 қаңтар 2017
  • 2582

"Қорғас шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымына бөлінген қаржы тиімді игерілмеген. Мәжілістегі «Нұр Отан» фракциясы комиссиясының отырысында Нұртай Сәбилянов осылай деді. Комиссия Ұлттық қор мен бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын қадағалайды. Жоба бойынша есеп берген «Самұрық - Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының атқарушы директоры Нұрлан Рахметов сынға ілікті.

Игерілмеген қаржы қомақты. 21 млрд теңге. Алайда Нұрлан Рахметовтің уәжі басқа. Ол «Қорғас Шығыс қақпасы» аймағының құрылысына бөлінген 36,8 млрд теңге толық игерілгенін атап өтті.  "Аймақ үш бөліктен тұрады. Құрғақ порт, логистикалық және индустриалды аймақ. Аталған 21 млрд қазынашылық есепшотта жатыр, оны игерілмеді деп санауға болмайды" деді.

Не освоено. Все. Это и есть результат вашей работы. -Я категорически не согласен. -Согласен вы или не согласен, деньги находятся на контрольном счете - значит эти деньги не освоены. -Это по плану так было, не мы сами придумали, по плану было. Когда нам давали деньги, так было запланировано. –Не эффективно работаете. -Я против, категорически против таких формулировок.

Нұрлан Рахметов жоба бойынша арнайы аймақтың инфрақұрылымына 212 млрд теңгенің жоспарланып отырғанын айтты. Оның 190 миллиарды республикалық бюджеттен. Бүгінде 103 млрд теңге бөлінген.

Нұрлан Рахметов, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарушы директоры:

Бөлінген 103 млрд теңгеден 82 млрд теңге игерілді. Қаржылық жоба бойынша біз 73,5 млрд-ты игеру керек едік. Ал біз артығымен орындап отырмыз.

Алайда  "Самұрық -Қазына" өкілінің жауабына депутаттардың көңілі толмады. Олар бұл мәселені Үкімет сағатында талқыға саламыз десті.