Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте ер адам бұрынғы әйелін пышақтағысы келген

  • AstanaTV
  • 19 наурыз 2024
  • 782

Шымкент қаласында бұрынғы әйелін пышақтағысы келген ер адам ұсталды. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ажырасып кеткен ерлі-зайыптылар жанжалдасып, ер адам бұрынғы әйелін пышақпен қорқытып, кепілге алған. Содан кейін оны «өлтіремін» деп қорқытқан. 

Күдіктіні көп ұзамай «Арлан» арнайы жасағы ұстады. Ол Шымкент қаласындағы «Асар» шағын ауданының маңында ұсталып, жәбірленуші босатылды. Қылмыс кезінде жәбірленуші мойын тұсынан жеңіл дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Ал күдікті қамауға алынды.

Қолда бар мәліметке қарағанда, күдікті мен жәбірленуші бұрын некеде болған. 2021 жылы ажырасқан. Үш баласы бар. Ер адам екі рет сотталған. Ол лудоманиямен ауырады деген де дерек бар.