Русский Сайттың толық нұсқасы

"Етік – 319 мың, туфли – 559 мың": Әсел Асқар көктемге сай гардеробын жаңартты

  • AstanaTV
  • 20 наурыз 2024
  • 792

Танымал актриса Әсел Асқар көктем мезгіліне сай стилін өзгертіп, су жаңа аяқ киімдер сатып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Актрисаның айтуынша, аяқ киім алғанды өте жақсы көреді екен.

“Қымбатта оқырмандар! Көптен бері шықпай кеткен айдар – сатып алған заттарымды көрсету. Міне, бүгін сәті түсті. Өте көп аяқ киім алдым. Бәрін жеңілдікпен сатып жатыр екен. Мына қазақша ою-өрнекпен көмкерген аяқ киімнің бағасы – 319 мың теңге. Шалбар және көйлекпен де кие бересің. Одан кейін көктемде киетін жеңіл биік өкшелі етік алдым. Бағасы – 559 мың теңге. Екеуін алдым. Бірі – қара, екіншісі – ақ. Ақ түсі – 178 мың теңге. Қатты қуанып тұрмын. Мұның барлығы – брендтер”, – деді актриса.

Өнер иесі елімізде ең қымбат саналатын сауда орталығында таусылып қалған аяқ киімдерді арнайы тапсырыспен шетелден алдырған көрінеді.

“Спорттық аяқ киімді тапсырыспен алдырдым. Қазақстанда бітіп қалыпты. Аяқ киімді өте жақсы көремін. Fendi брендінің соңғы үлгідегі коллекциясы менде бар. Осыдан 5-6 жыл бұрын бренд заттар алмайтын едім. Ол дұрыс емес екен. Қазір өте көп бренд бұйым жинауды әдетке айналдырдым”, – деп қуанышын жасыра алмады кино жұлдызы.