Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық спортшылар Аustralian Open-2017 жарысынан шығып қалды

  • AstanaTV
  • 19 қаңтар 2017
  • 1854

Australian Open сайысының чемпионы екінші айналымда Өзбекстан теннисшісінен жеңіліп қалды. Бұл спорт сүйер қауым үшін сенсациялық оқиға болды. Новак Джокович бес сетте Денис Истоминге жол берді. Бұл спортшы АТР рейтингінде 117-ші орында тұрған болатын.

Ал әлемнің экс-бірінші ракеткасы Үлкен шлем сайысы бойынша әлі де жарыс жолында тұр. Ойын барысында ол қарсыластарына дес бермеді. Қазақстанның бірінші ракеткасы Австралиядағы кортта латвиялық Елена Остапенкомен ойнап, жеңіліс тапты. Юлия Путинцева қарсыласына 6:3; 6:1 есебімен есе жіберді. Бұның алдында аталған турнирден еліміздің өзге де спортшылары шығып қалған еді. Олар: Ярослава Шведова, Галина Воскобоева, Михаил Кукушкин және Александр Бублик.