Ұлттық құрылтайда көтерілген маңызды мәселелер жөнінде Парламенттік тыңдалым өтеді. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты. "Президенттің көтерген келелі мәселелері мен сөйлеген сөзін бағдарламалық құжат ретінде қабылдауға болады. Өйткені Қасым-Жомарт Тоқаев өзекті проблемаларға тоқталып, оларды шешудің стратегиялық және шұғыл тәсілдерін атап көрсетті" деді Мәжіліс спикері. Бұл орайда депутаттарға бірқатар міндеттер жүктелгенін жеткізді .
Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бүгінгі депутаттық сауалдар Мемлекет басшысының ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзіне көрсетілген нағыз қуатты қолдау. Аталған мәселелер парламенттің ресми мінберінен көтеріліп, нақты іске асырылатын болады. Президент белгілеп берген бағыт-бағдар бәріңізге түсінікті деп мен ойлаймын. Сондықтан ұлттық құрылтайда көтерілген маңызды мәселелер жөнінде Парламенттік тыңдалым өткізуіміз қажет.