Русский Сайттың толық нұсқасы

"Ұлым, үйге оралшы". Павлодарлық жоғалған жігіттің анасы видеоүндеу жасады

  • AstanaTV
  • 21 наурыз 2024
  • 487

Ұлының аман-есен оралуын тілеп отырған ана VITA еріктілер жасағының әлеуметтік желідегі парақшасында бейнеүндеу жариялады, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Азамат, ұлым, үйге оралшы. Барлық мәселені бірге шешеміз. Өтінемін. Жаман ойларға бой алдырмашы немесе жағдайыңның жақсы екені туралы хабарлашы. Сенің жаның мен жүрегің ауырып тұрғанын түсінемін. Ал менің жаным өртеніп, жанып жатыр. Сенсіз тамағымнан ас өтпейді, көз ілмеймін. Түсінесің бе? Бір белгі берші. Біз барлығымыз сені күтіп отырмыз", - деді ол.