Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде сексенге таяған қария жүзге жуық бата мен мақал-мәтелді жатқа біледі

Жасы сексенге таяп қалған ақтөбелік Людмила Сұлтанқызы сирек кездесетін баталарды жатқа біледі. Тіпті ұмыт бола бастаған мақал-мәтелдерді ел аузынан жинап, жазып қойған. Ел анасына айналған әжеймен тілшіміз жүздесті.

Людмила Сұлтанқызы алты жасында Қиыр шығыстан көшіп келген. «Ұят болады, обал болады, жаман болады» деп әжесі кішкентай Люданың бойына ізгіліктің дәнің еге білген.

Людмила БАЙҚАДАМОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Әжеміз өзінің білген қазақшасын айтты. Содан ұғып, ұғып келіп, мына мәдениет саласында еңбек еткен адам болған соң халықтың ауызынан естігін, білгенімді по крупицам дейді ғой кішкентайдан буып, түйіп жазып, енді адам бір нәрсеге ықыластанса жиналады екен.

Людмила Сұлтанқызы ұмыт бола бастаған бір мың екі жүзден астам мақал-мәтелді жинақтап, қойын дәптеріне жазып қойған. Сексенге жуық қазақтың алғыс сөзін жинақтаған. Тіпті сексенінші жылдары Алғада алғашқылардың бірі болып, Наурыз мерекесін насихаттап, қойылым қойып, ел арасында ұмыт бола бастаған мерекені қайта жаңғыртқан.

Людмила БАЙҚАДАМОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Ойпырмай қазір міне кажекей, шапанда мол болды ғой. Құдайға шүкір тәуба. Ол уақытта ештеңе жоқ. Ешқандай киім жоқ. Кимешекті өзім ойып, қиып алып, жоқтан бар жасап, анау орыс театрынан қалған апанды Қожанасыр, Алдаркөсе қылып бастап, наурызды бастаған бірінші мен.

Людмила Сұлтанқызы төрт перзентінен немере, шөбере сүйіп отырған бақытты әже. Ұрпағын батаменен көгертіп отыр.