Русский Сайттың толық нұсқасы

Дәстүр- ұлттық мәдениеттің өзегі

Қостанайда да салт-дәстүр салтанат құрып, көне ырым-жоралғылар көпшілікпен қауышты. Қаладағы Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінде күй күмбірлеп, ән әуеледі. Жиылған жастар қазақтың салт-дәстүрінен көрініс қойып, көпшілік көңілін серпілтті. Беташар рәсімі жасалды.Музей қызметкерлері мен тарихшылар ізгі ғұрыптың ғибратын түсіндіріп, жас ұрпақ жадына дарытты.

Тобыл ТІЛЕГЕНҰЛЫ, ТАРИХШЫ:

Бірліктің нышанына қарай бағыттайтын дәстүрдің бірі. Өткендегі заманның беташары әрине суырып салмалықпен келеді. Адамдардың тіршілігіне,дүниетанымына.Ал бүгінгінің әрине өзгерістері бар.Өйткені заманына қарай.Бүгінгі күннің тұрмыс тіршілігіне,түсінігіне қарай.Ритм ырғағына қарай деген сияқты.

Дәстүрдің озығын дәріптеп, тозығын түсіндіру аға буынның міндеті. Өскелең ұрпақ баба салтынан бағыт алуы тиіс.Сондықтан салтын ұмытқан ұрпақтың санасын жаңғыртып,үнемі үлгі көрсету керек.Бүгінгі іс-шараның діттеген межесі сол, дейді ұйымдастырушылар.

Ақмарал ЕРІКҚЫЗЫ, ТАРИХШЫ:

Кейбіреулер қазіргі кезде айтады ғой.Пікірлері бар.Салт-дәстүрді ұмыттық деп.Сол салтты көрсете отырып, үлгі-өнеге көрсетіп отырмыз.Соларды былайша айтқанда үйретіп жатырмыз.