Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда наурыз жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Оралда мерекеге орай жәрмеңке ұйымдастырылды. Халық көп тұратын жерді таңдап алған ұйымдастырушылар мұндағы бағаны базардағыдан арзан қылуға тырыстық дейді. Жәрмеңкеге өз өнімін ұсынғандар - қала маңындағы елді мекен тұрғындары. Олардың айтуынша, бәрі де табиғи, таза өнімдер. Жас ет пен балықты, жеміс-жидек пен көкөністерді арзанға сатып алуға тырысқандардың қарасы қалың. Ал мейрамды тойлап жүрген тұрғындарға наурыз көже ұсынылып, түрлі тәттілер таратылды.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Бүгін Наурыз мейрамы. Жәрмеңкемізге халық келіп жатыр. Бәрі келіп, ат салысып жатыр.
- Өте қуаныштымыз. Осы қазақ елін Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын!