Русский Сайттың толық нұсқасы

«Өміріме қауіп төніп тұр»: Қазақстанның бұрынғы волейболшысы соққыға жығылғанын айтты

  • AstanaTV
  • 21 наурыз 2024
  • 536

Қазақстан құрамасының бұрынғы волейболшысы Кристина Карапетян (Устинова) сүйіктісі тарапынан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оның айтуынша, өз өміріне қауіп төніп тұр, жуырда Қазақстанға оралмақ.

«Қазір өміріме қауіп төніп тұр. Жексенбі күні кешке мені 1993 жылы 25 мамырда дүниеге келген кипрлік сүйіктім Джордж Цангарис соққыға жықты. Шұғыл түрде Қазақстанға билет алдым, уақытша құрбымның үйін паналап жүрмін.
Онымен сабырлы күйде сөйлестім. Себебі, одан не күтетінімді білмеймін. Ата-анасы да, өзі де полицияға арыз жазбауымды өтінді. Ол маған Қазақстанда аяққа тұруыма қаржылай көмектесетін болады, өйткені мен түксіз қалдым», - дейді ол.

Бірақ жағдай осымен тоқтамапты. Қазақстандық бойжеткеннің сүйіктісі қорқытуын жалғастырған.

«Материалды және моральды шығын өте, сонда сенің есіміңді атамаймын» дедім. Ұзақ ұрыс-керістен кейін «Сенің өміріңді құрдымға кетіремін әрі өзің де өкінетін боласың» деді.

Қазір полицияға бара жатырмын. Ол ойына келгеннің бәрін жасауы мүмкін. Өз өмірім үшін қорқамын. Қазақстанға ертең ұшамын», - деді Кристина әлеуметтік желідегі парақшасында.