22 наурыз – халқымыздың дәстүрлері мен құндылықтарына қайта оралудың символы әрі жаңа тарихи кезеңді бастауға дайындық. Барлық қалалардың басты алаңдарында этноауылдар ашылып, ұлттық мәдениеттің байлығын паш етеді. Бұл күні біз ата-баба әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін тамашалап, өткеннің рухын сезінеміз.
Халықтық байқаулар жеңімпаздарын марапаттау – азаматтардың шығармашылық шабытын шыңдау ғана емес, мәдени орта қалыптастыру. Байқаудың маңызы – әр адам елдік тұрғыда мерекелік ахуалын қалыптастыруға үлес қоса алатынымызды көрсететіні. Үй-жай, аула мен көшелерді Наурыз нақышымен безендіруге қатысу арқылы әрбір тұрғын мерекелік ахуалды сезініп, отбасы ынтымағын арттырады.
Бұл іс-шаралардың маңызы – тарихымызды жалғастырады, өткенмен байланысты нығайтады және болашаққа жол ашады. Бұл күні біз халқымыздың ауызбірлігі және ежелгі дәстүрлеріміз бен құндылықтарымызды сақтай отырып, барлық сын-қатерлерден бірге өтуге дайын екендігімізді атап өтеміз.
"Жыл басы" – күнтізбедегі қатардағы күндердің бірі емес. Бұл – қоғам өміріндегі ерекше сәт, біз бұл күні мерекелік қуанышпен бас қосып, тарихымыздағы жаңа кезеңнің басталуын мақтанышпен атап өтеміз.